Петропавлда ЖОО ректоры мейрамханаға миллиондаған теңге шығындаған

0

Петропавлдағы Kozybayev University (СҚМУ) басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Шуланов мейрамханалардың VIP-бөлмелеріндегі іс-шараларға миллиондаған ақша жұмсауының себебін түсіндірді.

Бұл туралы Stan.kz жазды.

Шуланов бұрынғы ректор міндетін атқарушы Ербол Исақаевтың мейрамханадағы іс-шараларға қатысты шешімін жойғанын айтты.

«Мейрамхана қызметін көрсететін сатып алу жоспарын ЖОО-ның бұрынғы басшылығы осы жылдың қаңтарында бекіткен.  Қазір әріптестерім мені барлық құжаттармен таныстырып жатыр. Мен бұрынғы ректордың міндетін уақытша қабылдаған мейрамханадағы іс-шараға қатысты  шешімнің күшін жойдым. Ол қажет емес. Жалпы, біз бұрынғы кейбір шешімдерді қайта қарауымыз керек, олардың барлығы жоғары оқу орнының қызметіне оң әсер етуі тиіс», – деді Kozybayev University (СҚМУ) басқарма төрағасы-ректоры Ерлан Шуланов.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу сайтында Kozybayev University (Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) Петропавлдағы мейрамханаға 2,8 миллион теңгеге баруға шешім қабылдағаны туралы ақпарат пайда болды.

8 ақпан күні премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Ерлан Шуланов Kozybayev University басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалды. Ғылыми кеңес отырысында оны университет ұжымына білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов таныстырды.