Коби Брайант мінген тікұшақтың құлау себебі анықталды

0

АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) бес дүркін чемпионы Коби Брайанттың тікұшақ құлауының себебін атады.

Басылымның хабарлауынша, тікұшақты басқарған Ара Зобаян тікұшақты бұлтқа қарай  бағыттаған. Бұлттар арқылы қозғалу мемлекеттік қауіпсіздік стандарттарын бұзу болып саналады.

Сарапшылар Зобаянның визуалды ұшу ережелері бойынша ұшқанын, яғни ол тікұшақ бағытын көруі керек екенін атап өтті. Оңтүстік Калифорнияда тау бөктерімен соқтығысардан сәл бұрын ұшқыш диспетчерлерге биіктікке көтеріліп жатқанын айтқан, бірақ іс жүзінде ол төменге түскен.

Ұлттық кеңестің өкілі Зобаян әуе кемесін визуалды ұшу ережелеріне сәйкес басқарғанын айтты, яғни ұшқыш қозғалыс бағытын көру керек еді.

«Бұлттан шыққанға дейін ұшақ бірден қисайып, Оңтүстік Калифорния шоқыларына құлады», -деді Сумвальт.

Еске салайық, аты әлемге танымал баскетбол ойыншысы Коби Брайант былтыр қаңтар айында  тікұшақ апатының салдарынан опат болды. Тікұшақта болған 9 адам — бір пилот пен сегіз жолаушының барлығы көз жұмған. Коби Брайантпен бірге оның 13 жастағы қызы да болған.