Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аударылды

Апат орын алған жерде түсірілген суреттер желілерде жаппай тарап кетті. 

«46 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан жедел жәрдем автокөлігі оң жаққа аударылған», — делінген ресми ақпаратта.

Көлікте оқыс оқиға кезінде жүргізушімен бірге фельдшер мен медбике болған. Абырой болғанда, олар зардап шекпеген. 46 жастағы  жедел жәрдем көлігінің жүргізушісы үшінші қалалық ауруханаға жеткізіліп, десек те ол аурухнаға жатудан бас тартқан. 

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді», — деп қосты ПД қызметкерлері. 

 

 

stan.kz