Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді

0

Төрт күн бұрын тұтанған өрт салдарынан Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Kznews.kz.

«Береке шағын ауданындағы өртке байланысты Петропавлда жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді», — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік ТЖ режимі заңнама шеңберінде зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынан кейін материалдық залал өтеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда қаладағы Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенді. Тоғыз жеке тұрғын үй қирап, тағы екі үй жартылай бүлінген.