Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

0

Астанада жаңадан салынған тұрғын үй кешенінен өрт шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 11 мамырда сағат 15:01-де Ақмешіт — Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан қара түтін шығып жатқаны туралы түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барғанын мәлімдеді.

«Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы жабынның жанып жатқаны анықталды. Өрт 15:17-де өртсөндірушілермен оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп қорытындылады өрт сөндіру қызметі.