Петропавлда мейрамханадан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

0

Мейрамхана мен көпқабатты тұрғын үйдің арасындағы қоқыс тұрған жерден өрт шықты

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Петропавл қаласының өрт сөндірушілері мейрамханадағы 170 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, » Есіл» мейрамханасындағы жертөленің ішін қою қара түтін басқаны туралы хабар 101 телефонына 2 наурыз күні сағат түнгі 23:31-де түскен.

«Оқиға орнына облыстық «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №1,2,3 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 7 арнайы көлікпен шұғыл жеткен. Олар мейрамхана қызметкерлері мен қонақтарды қоса есептегенде 170 адамды қауіпсіз жерге көшірген», — делінген хабарламада.

Өрт мейрамхана мен көпқабатты тұрғын үйдің арасындағы қоқыс тұрған жерден шыққан. Қызыл жалын 6 шаршы метрге шарпыған. Өрт түнгі сағат 00:02-де толық сөндірілген.

Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.



sputniknews.kz