Дейксис — Қазақ тілі

0

Дейксис (гр. deixis — көрсету) — лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы білдірілетін тілдік бірліктердің мағынасын не кызметін көрсету. Дейксис сөйлеу кезіндегі жағдайды айқындауға қызмет етеді. Дейксис әнгімеге қатысушыларды (сөйлеуші мен тындаушыны) көрсетеді де, оны есімдіктер арқылы білдіреді (1, 2 жақ: мен, сен, менің, сенің), сөйлеу объектісін көрсетеді (есімдіктің 3-жағы), сөз болып отырған объектінің қашықтық мөлшерін сілтеу есімдіктері арқылы (мынау, анау, міне) білдіреді. Дейксистің қызметін лексикалық тіл бірліктері мен грамматикалық категориялар атқара алады. Сөйтіп, Дейксистің көрсету қызметі әдетте есімдіктермен байланысты болып келеді.[1][2

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Дейксис