«Петропавл мен Павлодар қалаларының атауларын өзгерту мәселесін қолдар едім» — журналист

0
638

Белгілі журналист Рүстем Ашетаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мәселесіне қатысты өз пікірін facebook желісінде білдірді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Депутаттарымыз жалғыз Нұр-Сұлтан қаласының атауын ғана өзгертуге ұсыныс жасағанша, үкіметтен барлық облыс орталықтарының атауларын қайта қарау жөнінде бастама көтерулері керек. Содан кейін осы мәселемен айналысатын жұмысшы тобы құрылып Петропавл мен Павлодар қалаларының атауларын өзгерту мәселесіне қосымша Нұр-Сұлтан қаласының да атауын өзгерту күн тәртібіне қойылса екі қолымды көтеріп қолдар едім. Болмаса, қоғамда тек Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту мәселесі ғана емес, Павлодар мен Петропавл қалаларының да атауын өзгерту мәселесі қатар айтылып жүр. Жартысын естімей, тек, Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатысты қоғамның ойын назарға алып жатырмыз деулері, үкіметтің қазіргі қолданыста жүрген «Естуші мемлекет» ұстанымына жартылай ғана келеді» дейді журналист.