Павлодарская народная республика! Бұл не сұмдық!
Желіде «ПАВЛОДАРСКАЯ НАРОДНАЯ РЕСПУБЛИКА» деген жазуы бар таңба пайда болды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Белгілі ақын, тіл, ұлт жанашыры Алмас Темірбай әлеуметтік желідегі парақшасында дабыл қақты.
«ПАВЛОДАРСКАЯ НАРОДНАЯ РЕСПУБЛИКАСЫ» дегендері не сұмдық?
Бұларды бақылап жүрген органдар бар ма?
Қақсадық баяғыдан «Кереку» деп өзгертіп тастайық» деп. Сонда орысша атаулы «Павлодарға» жабыспас еді, ауыздарын да ашпас еді…” деп жазды ақын.