Тоқаевқа шабуыл жасауды жоспарлаған адвокат 17 жылға бас бостандығынан айырылды

0
1539

Қазақстан президентінің өміріне қастандық жасап, лаңкестік әрекет дайындаған бұрынғы журналист елорда алқасының адвокаты Аян Атығаев 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, іс жабық түрде өткен.

Сотталушы келесі баптар бойынша кінәлі деп танылды:

  • мемлекетке опасыздық жасағаны үшін (ҚК 175-бабының 1-бөлігі);
  • адамдар тобының алдын ала келісім бойынша атыс қаруын ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізгені үшін (ҚК 286-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы);
  • алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының атыс қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны үшін (ҚК 287-бабының 4-бөлігі);
  • алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жасалған оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз дайындалғаны үшін (ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігі, 288-бабының 2-бөлігі);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметін тоқтату мақсатында оның өміріне қол сұғуға дайындалғаны үшін, сондай-ақ осындай қызметі үшін кек алу мақсатында (ҚК 24-бабы, 178-бабы 1-бөлігі);
  • терроризм актісіне дайындалғаны үшін (ҚК 24-бабының 1-бөлігі, 255-бабының 4-бөлігі);
  • құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар және әскери қызметшілер қызметкерлерінің өміріне қол сұғуға дайындалғаны үшін (ҚК-нің 24-бабы 1-бөлігі, 380-бап, 1-бап 2-бөлігінің 1-тармағы);
  • Есірткі құралдарын өткізіп, аз мөлшерде және аса ірі мөлшерде заңсыз иемденгені, сақтағаны үшін (ҚК 296-бабының 4-бөлігі) жауапқа тартылды.

«17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі соңғы үкім қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемелерінде өтеуге тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді сот.

Аян Атығаев елордада 2022 жылдың қаңтарынан бастап заңгер болып жұмыс істеген. Оның лицензиясы болған. Кезінде ол «Курсив» және «Известия-Қазақстан» газеттерінде де журналист болып жұмыс істеген.