Павлодарлық шенеунікке 51 млн теңгелік VIP телефон

0

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мекемелердің бірі VIP телефондарды өте көп мөлшерде сатып алмақ болғанын анықтады.

«Мемлекеттік сатып алулар сайтына жүргізілген мониторинг кезінде Павлодардағы бюджетті бағдарламалар әкімшілігінің өте көп мөлшерде IP-телефондар сатып алмақ болғанын анықтады. Мемлекеттік орган 39 мың телефонды 51 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған», — деп хабарлады Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Дархан Құрақбаев.

Ол мемлекеттік секторды нақты атамады және сатып алу тоқтатылғанын айтты.

Азаттық рухы