Өнер жұлдыздары мен танымал спортшылар дінді емес, уахабизмді нәсихаттап жүр ме?

0
1304
Advertisement

Әмина Смагұлова есімді әлеуметтік желі қолданушысы осылай деп дабыл қағып отыр. Діннен хабары жоқ эстрада әншілері уағыз айтқанын сынаған желі қолданушысы, бұл туралы министрлерге уәж айтады.

«Құрметті Мәдениет министрі Ақтоты Раимкұлова, Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Аида Балаева Сіздерге бір сұрақ койсам бола ма?

Неге өнер жұлдыздары шетінен араб мәдениетін насихаттап, діни уағыздар жүргізіп кетті? Бұл діни саласындағы Заңға кайшы, тіпті өрескел заң бұзушылық емес пе?
Қазақ өнерін насихаттауға жауапты «Қазақконцерт» ұйымының бас маманы, «Құрмет» өрденінің иегері, продюсер Мөлдір Әуелбекова есімін ауыстырып, Айша атты дін уағызшысы боп шыға келді.

«Тобымдағы бес қыз менің жолымды қуып намазға жығылды, ал сіздердің жүріс-тұрыстарың дұрыс емес, иманға келіңдер деп, миллиондаған подписчиктеріне күнде уағыз айтып отыр.

Бұл бір ғана мысал, ал мұндай дін уағызшысына айналған әртистер, спортшылар қаншама? Жауапты министрліктер, органдар қайда қарап отыр?

Мен дінге емес, ВАХХАБИЗМ – САЛАФИЗМГЕ қарсымын. Тауық сойса да касапшы сойсын дейді ғой. Әркім өз ісімен айналыссын! Діни білімді тек қана арнайы діни білімі бар имамдар және тек қана мешітте үйретсін!

Діни білімі жоқ адамдарға Муфтияттың және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы Діни сараптама комитетінің рұқсатынсыз діни уағыз жүргізуге тыйым салынсын! Теріс ағымдар жастарды адастырып, миларын улап болды!!!
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы:

3-бап. Мемлекет және дін

1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.

8-бап. Миссионерлік қызмет

1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар
2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
3-1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі» деп жазды желі қолданушысы.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз