Павлодарлық дәрігерлерге «7-20-25» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетіледі

0

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жас дәрігерлеріне «7-20-25» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетілмек. Жергілікті билік мамандарға алғашқы жарнаны толтыру үшін қайтарымсыз қаржылай көмек ұсынды.

Бүгінде бұл бастама облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу мекемелері тарапынан қолдау тапты. Қамқорлықты сезінгендердің қатарында жүрек дәрігері Әсима Жантемірова бар. Семейлік азаматша отбасы құрған соң Павлодар өңіріне көшіп келген. Екі қолға бір күрк табылса да, тұрғын үй мәселесі шешілмеген. Жас отбасы бүгінгі күнге дейін пәтер жалдап тұрды.

«Алдымен ата-енеммен бірге тұрдық. Кейін жеке пәтер жалдадық. Семей медициналық академиясында терапев мамандығы бойынша білім алып, резидент атанған соң кардиолог мамандығын игердім. Шыны керек, пәтерден пәтерге көшуден шаршадық, бұл жүйке жүйесіне үлкен ауыртпалық. Оған қосы қызымның балабашқасына уыстырып отыруға мәжбүр болдық. Енді бұл қиындықтардың бәрі артта қалады деген сенімдемін», — дейді Әсима Жантемірова.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жастардың қолында алғашқы жарна болмай шықты. Сондықтан, жергілікті билік көмек көрсетуге кірісті. Әкімдіктің мұрындық болуымен сатып алынатын пәтердің 10%-дық құны бөлінетін болды, ал жарнаның екінші бөлігі мамандарға өздері еңбек ететін медициналық ұймы тарапынан беріледі. Басты талап – бес жыл еңбек етіп, пайызсыз қайтарып беру.

Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 20-дан астам дәрігерден өтініш түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, қазіргі уақытта 7 дәрігерді ңөтініші мақұлданды. Жас мамандарға құжат рәсімдеу барысында тегін көмек көрсетілді.

Еске салсақ, Павлодар облысында «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 305 пәтер қарастырылған. Облыс орталығында – 95 пәтер, Екібастұз қаласында 213 пәтер бар.

Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша сегіз екінші деңгейлі банк несие бере алады. Бұған дейін 143 млн. теңге болатын 123 өтініш түскен. Олардың жетеуі мақұлданып, тұрғындар пәтерлі болды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ