Павлодардағы «Саналы ұрпақ» кеңсесі жемқорлыққа қарсы
Оқу орнындағы «Саналы ұрпақ» кеңсесінің ашылуына өңірге жұмыс сапарымен еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова қатысты.
Бұл күндері оқу орнында сессия барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ белсенділері студенттер арасында анонимді сауалнамалар жүргізуде. Жасырын сауалнамалар жүргізу арқылы түрлі жайларды біліп, анықталуы да мүмкін.
Сондықтан, жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған жергілікті жердегі жастар ұйымдарының қатысуымен дебат және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті өңірдегі Білім беру басқармасы, Жоғары оқу орындарымен бірлесіп қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар өткізді.
Мысалы, жоғары оқу орындары мен колледждерінде, 9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» атты Біріңғай сағат өткізілді. Жыл сайынғы «Адал бол» республикалық шарасы жалғасын тапты.
Шаралар еліміздегі Жемқорлыққа қарсы Заңнаманың нақты жұмыс жасауына үлес қосатын, азаматтық қоғамның белсенді жастар өкілдерінің тобын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова «Саналы ұрпақ» кеңсесін, студенттік қызмет көрсету орталығын аралап көрді, музей қоры экспонаттарымен танысты.
Сондай-ақ, Айгүл Шаимова әлеуметтік жағынан гөрі тәрбиелік маңызы басым сауда сатушысыз жасалатын дүкенде болды.
Ұстаздар мен студенттер керек заттарды алып, ақшаларын арнайы қорапта қалдырады. Бұл ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Студенттер сатушысыз дүкендер жобасы бір күндік болмауы тиіс. Кәсіпкерлерге оқу орнынан тегін алаң ұсынса-сөрелерге арзан тауар келеді. Жастар адалдыққа үйренеді,- дейді.
Студенттермен кездесу барысында Айгүл Шаимова диалог түрінде мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және жұмысқа орналастыру мәселелерін, этикалық нормалар жайлы мәселелерді талқылады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР
Дереккөз: http://egemen.kz/