Павлодарда үздік келіндер анықталды — Аймақ|20 Желтоқсан 2018, 15:11
Фото: pavlodarnews.kz
Астана, BAQ.KZ. Байқауды Мәшһүр Жүсіп мешітінің қыздар және әйелдер секторы ұйымдастырды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Келіндер Құран оқу, ас әзірлеу, қолөнер және өз ұлтының салт-дәстүрін білу бойынша сынға түсті.
«Қорытындысында Нұргүл Ақжігіт, Гүлнұр Хамидоллаева, Балнұр Зұлпыбекова, Айнұр Мұратбек, Ардақ Асқар, Ақтоты Сапарәлі үздік атанды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды», — деді баспасөз қызметінде.
Байқау «Лайықты әйел болудың мәні» атты бейнежазбамен аяқталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ