Пентагон басшысы ақпан айында отставкаға кетеді

0
69

АҚШ қорғаныс министрі ақпан айында отставкаға кетеді.

Эелтоқсан айының 20-ы күні АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына Пентагон басшысы Жеймс Мэттистың отставкаға кететіндігі жөнінде жазды.

«АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Мэттис 2019 жылдың ақпан айының аяғында зейнет жасына жетуіне байланысты отставкаға кетеді. Генерал Мэттис АҚШ армиясына жаңа әскери құрал-жабдық алуға және одақтастарымыздың әскери міндеттерін орындатуға маған көп көмектесті» – деп мәлімдеді Трамп өзінің «Twitter» парақшасында.

Мэттистің өзі отставкаға кетуіне «Трамп Пентагонға өзімен көзқарасы сәйкес келетін адамды тағайындасын» – деп пікір білдірді.

«The New York Times» басылымының мәліметінше, Мэттис осыған дейін бірнеше мәрте Трампты  АҚШ одақтастарына сыйластықпен қарауға шақырған және Ресей мен Қытайдың «авторитарлы басқару жүйесіндегі әлем құруға деген талпыныстарына» тек одақтастардың көмегімен ғана қарсы тұруға болатынын айтқан. Бірақ Трамп оның бұл сөздеріне құлақ аспаған. Осыдан кейін Мэттис отставкаға кетуге мәжбүр болған.

«The Qazaq Times»