Павлодарда үстіне спирт құйып өртеген әйел күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартты

0

Павлодар облысында күйеуі үстіне спирт құйып өртеп жіберген әйел арыз жазудан бас тартты, деп хабарлайды “Еуразия” бірінші арнасы.

Айта кетсек, бұған дейін ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың нәтижесінде ер азамат әйелінің үстіне спирт құйып, оны өртеп жібергені айтылған еді. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайы туралы болжам жасау мүмкін еместігін жеткізді.

Жәбірленуші арыз жазудан бас тартыпты. Дегенмен заң бойынша екі жақтың келісімге келуі қарастырылмаған. Сондықтан полиция қызметкерлері “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Аталған бап бойынша күдікті қамауға алынбайды.

“Отбасының жағымсыз тұстарын байқамадық. Барлығымыз уайымдап отырмыз, ауылдасымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Зардап шеккен әйелдің балаларын атасы мен әжесі қарап отыр”, – дейді Рождественский ауылдық округінің әкімі Рашид Галеев.