Талғарда мүгедек жігіт қараусыз қалып, аштан қайтыс болған

0
3531

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі церебральды сал ауруына шалдыққан мүгедектің өліміне қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша азамат Талғардағы пәтерінен ауруханаға жеткізіліп, ауруханада қайтыс болды.

Әлеуметтік желі қолданушысы Асылбек Қараев желідегі парақшасында жалғызбасты мүгедек Медет Ерболұлының қайтыс болғаны туралы хабарлады. Ол балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісінің қараусыз қалып, аштықтан қайтыс болғанын айтады және жергілікті билік бұған назар аудармады деп айыптайды.

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі 1994 жылы туған Медет Дүйсенбаевтың 2009-2012 жылдар аралығында Ковчег балалар үйінде тәрбиеленгенін хабарлады. Ол церебральды сал ауруы мен эпилепсия аурулары бойынша 2 -ші топтағы мүгедек болды және невропатологтың бақылауында болды.

«Алматы облысы Амандық Баталов, Талғар Ауданы Талғар Ауданының Әкімдігі , Талғар Қаласы Әкімдігі ЖЕТІМ, МҮГЕДЕК ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ, Талғар қаласы тұрғыны жап-жас жігіт ЕРБОЛҰЛЫ МЕДЕТТІ қараусыз (медициналық көмексіз) қалдырып, мына заманда аштықтан өлуіне әкеліп соқтырған. Бұл қазақ азаматының артынан сұраушысы жоқ деп ойлаған ШЫҒАРСЫҢДАР. Жоқ. Бәрің заңмен жауап БЕРЕСІҢДЕР. ӘКІМ Қайдар Әбдіханов мынау не сұмдық! Қазадан 3-4 күн бұрын белсенді Активист аналар көмекке барған, шақырған» деп жазды Асылбек Қараев.