Павлодарда ноутбук ата мен немеренің өліміне себепші болды

0
56

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт ноутбук сымының қысқа тұйықталуынан басталып, қасында тұрған креслоға шарпыған

ПАВЛОДАР, 10 шілде – Sputnik. Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде қартаң ер адам мен 10 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, Гагарин көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі өрт кезінде 52 жастағы ер адам мен оның немересі, 2009 жылы туған төртінші сынып оқушысы өртеніп кеткен.

10 шілде күні сағат 12.51-де шұғыл кезекшілік пультіне өрт туралы хабарлама түскен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда саяжайдағы өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ноутбук сымының қысқа тұйықталуынан төртінші қабаттағы пәтерден шыққан. Сонымен қатар кресло өртенген.

Жалын үш метрге шарпыды. Бесінші қабаттан тұрғындар эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілер жедел жәрдем шақырды, дәрігерлер көміртегі тотығынан уланған ата мен немеренің көз жұмғанын анықтады.

«Барлық қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полиция ведомствосы.

Басқа ешкім зардап шекпеді.



sputniknews.kz