Павлодарда көлік әйелді қағып, трамвай жолына шығып кетті

0

Павлодарда көлік әйелді қағып, трамвай жолына шығып кетті. Осынау сәттегі видео Instagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo тобында жарияланды деп жазады sn.kz.

Видео жол апаты болғаннан кейін түсірілген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жеткен. Сондай-ақ, бірнеше адам жүр.

Жол апаты бірінші ауруханаға қарама қарсы Ломова көшесінде болған. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақтан өткен 34 жастағы әйел зардап шекті. Ол жедел ауруханаға жеткізілді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!