Павлодарда айыппұлдан қорыққан қалыңдық өз тойынан қашып кетті (видео)
Павлодарда полиция карантин ережесін бұзып, той өткізгендерді анықтады. Қонақтармен бірге қалыңдық пен күйеужігіт те қаша жөнелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«6 тамыз күні кешкі сағат 20.00-де Хайдаров көшесіндегі тойханада мониторингтік топ үйлену тойын өткізу фактісін анықтады. Ол жерде 30-ға жуық қонақ болды. Ал тексерушілерді көрген қалыңдық пен күйеужігіт айыппұлдан қорқып, қонақтармен бірге қаша жөнелді», — дейді полицелер.
Мониторингтік топ түсірген видеода қалыңдықтың ақ көйлегін көтеріп алып, қашып бара жатқанын көруге болады. Алайда күйеу жігіті екеуі көз ұзамай ұсталған. Олар басқа адамдармен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
«Аталған факт бойынша барлық материалдар жиналып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Осы бапқа сәйкес үйлену тойының әрбір қонағына 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде, сондай – ақ, мекеме иесіне 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді» – деп атап көрсетті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.
Айта кетері, жыл басынан бері Павлодарда мониторингтік топтар санитарлық талап бұзудың 146 фактісін анықтады.
View this post on Instagram