«Павлодар жабылады»: Полиция жалған хабарламаның авторын іздеуде — Қазақстан жаңалықтары
WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер «Павлодар 26 наурыз күні сағат 08:00-де жабылады, кетуге тыйым салынады» деген ақпарат таратқан, деп Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облысының полиция басқармасы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын және жалған екенін хабарлайды.
Қазіргі уақытта полиция төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі дыбыстық хабарлама мен ақпараттық бюллетеньдердің авторын анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізілуде.
«Полиция департаменті тұрғындарға шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды қатаң түрде ескертеді, өйткені төтенше жағдай кезінде жасалған бұл әрекет үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», — делінген хабарламада.
Облыстық филиалдан сенімді ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдармен байланысу ұсынылады. «Мұндай фактілерді анықтау үшін полиция күн сайын әлеуметтік желілерді бақылап отырады, ал полиция арандатушыларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие», — деп атап өтті аймақтық филиал.
stan.kz