Ақмолада коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 3 әйел анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
3

Ақмола полицейлері жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 наурызда полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджерін бақылау кезінде Оңтүстік Кореядан келген және коронавирусты жұқтырған азаматтардың облыстың медициналық мекемелерінде болуы туралы әдейі жалған ақпарат таратудың тағы бір фактісін анықтады.

«Полиция департаменті жалған ақпаратты таратуға жедел әрекет ету шараларын қабылдап, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде сол күні аудио хабарламаның авторы мен таратушысы анықталды. Белгілі болғандай, Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны өзінің танысында қонақта болған соң, Оңтүстік Кореядан әуе рейстерімен ұшып келген қазақстандық азаматтарды Ақмола облысының емдеу мекемелеріне орналастыру туралы жалған ақпаратты біліп, одан кейін аудиобағдарламаны жазып, оны басқа досына жіберген. Алынған мәліметтердің шынайылығына көз жеткізбей, әйел өз кезегінде, ақпаратты одан әрі 200-ден астам пайдаланушысы бар WhatsApp тобына таратты», – деді ведомствода.

Қазіргі уақытта барлық үш тәртіп бұзушыға қатысты ақпаратты тарату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Азаматшалардың кінәсін мойындағаны туралы құжат бар.

Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқаны үшін қолданылып жүрген заңдарда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын азаматтарға тағы да ескертті. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз