Павлодар полицейлері жүргізушіні құтқарып қалды

0

Қарағанды тұрғыны тасжолда есінен танып қалды, полицейлер оны дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізді

ПАВЛОДАР, 5 ақпан – Sputnik. Патрульдік полиция қызметкерлері есінен танып қалған жүргізушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өмірін құтқарып қалды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова.

Оның айтуынша, 4 ақпанда Павлодар облысы патрульдік полиция ротасының полицейлері –  майоры Асхат Базарбеков пен лейтенант Азамат Шақшабаев Екібастұз-Қарағанды ​​бағыты бойынша жолды күзетуге шыққан.

Бір кезде «Nissan Sirena» автокөлігі олардың жанынан өте шығып, бірнеше минуттан кейін кері қайтады. Жүргізуші көліктен түсіп, полиция қызметкерлеріне барып: «Көмек беріңіздер, өзімді нашар сезініп тұрмын», – дейді де, есінен танып қалады.

Тәртіп сақшылары ер адамды ұстап қалып, ақырын оның көлігіне отырғызады. Бір минут та жоғалтпай, майор Асхат Базарбаев рөлге отырып, науқасты ең жақын жердегі «Шідерті» медициналық-құтқару пунктіне жеткізген.


©
Photo : пресс-служба ДП Павлодарской области

Павлодар облысында полиция қызметкерлері жүргізушіні құтқарды

Жүргізушінің Квинке ісігіне ұқсас жедел аллергиялық реакциясы бар екені анықталды, оның қан қысымы көтерілген.

Медицина қызметкерлері науқасқа көмек көрсетті. Ол есін жиып, демалып, әрі қарай жолға шықты.

Белгілі болғандай, 40 жастағы Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Олег Сергеев Екібастұздан келе жатып, кенеттен өзін нашар сезінген. Қарағанды тұрғыны полицейлерге шын жүректен алғысын білдірді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз