Павлодар облысында жолда қалған 13 адам құтқарылды

27 Желтоқсан 2018, 14:36
175
0



Фото: 24kz
Астана, BAQ.KKZ. Оқиға 26 желтоқсанда сағат 23:00 шамасында болды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Павлодар облысының Аққулы ауылының маңындағы Павлодар-Семей жолында кетіп бара жатқан «Setra» маркалы рейстік автобус аязға байланысты жол жабылу салдарынан тоқтады.
Автобуста 13 адам болған. Оның төртеуі – бала. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері жолаушыларды Аққулы ауылындағы «Агротехникалық колледж» жылыну пунктіне жеткізді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ