Павлодар облысында токқа түскен балалардың ісін тергеу әлі жалғасып жатыр
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығының маңындағы ауылда токқа түсіп, көз жұмған балалардың ата-аналары тергеу амалдары ұзаққа созылып кеткеніне алаңдаулы. Ағайынды ұлдардың ата-аналары спорт алаңын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай қолданысқа берген шенеуніктерді де айыптауда.
Еске салсақ, қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың қыркүйек айында болды. Жаңауыл ауылындағы спорт алаңында футбол ойнап жүрген 12 және 14 жасар ұл балалар токқа түскен. Куәгерлердің сөзіне сенсек, екі бала тоқ өткізгіш сымдарды ұстап, сол жерде мерт болған. Мұса мен Расул есімді ер балалар доп тебуге келіп, темір қоршауға мінгенде мертікті. Себебі, электр сымдары темір қоршауға тиіп тұрған.
Жаңауыл елді мекенінің шетінде орналасқан шағын футбол алаңы 5 жыл бұрын ашылған. Сол кезде аулы тұрғындары нысанның теміржолға және жоғары вольтты бағаналарға жақын жерде салынғанына қарсылып білдірген еді, бірақ бұл сөзге құлақ асқан азаматтар табылмады.
Қайғылы жағдайдан кейін тергеу басталды. Әзірге, мардымды шешім қабылданбапты.
«Бұған дейін үш тергеуші ауысты. Тергеу амалдары қалай жүргізіліп жатқанынан бейхабармыз. Біз ештеңе білмейміз», — дейді қара жамылған ана Халимат Каримова.
Тергеу амалдарының аяқталуын күтпеген ата-аналар бірнеше мекемеге ресми хат жолдаған. Нәтижесінде футбол алаңын орналастыруға арналған жер учаскесін бөлу жөніндегі құжатқа 2014 жыл қол қойылғанын анықтаған. Ал спорт нысаны жарты жыл бұрын қолданысқа берілді. Яғни, рұқсат берілмей жатып ел игілігіне берілген. Кейін алаң «Спортсвервис» коммуналдық-мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының иелігіне берілген.
Бүгінде футбол алаңына кіруге рұқсат жоқ.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Балалардың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар, электр желілеріне жауапты «Павлодарэнерго» АҚ оқиғаға қатысты арнайы тексеріс жүргізуде. Әзірге нәтиже жоқ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ