еңбек, абырой, жалқаулық туралы мақалдар

0
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

Адамгершілік абырой әпереді.

Әйелдің абыройы – дақ түспеген ары.

Абыройыңды жасыңнан сақта.