Павлодар облысында мұғалімді зорлаған күдікті ұсталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысында 19 жастағы мүғалімді мектеп жанында зорлап кеткен күдікті құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысының тұрғыны 75 жастағы зейнеткерді зорлағаны үшін жазаланды

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 120 және 121-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты. Тергеу шаралары әлі жалғасуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды

«Күдікті ұсталды. Ұсталған адам – аталған ауданның тұрғыны», – делінген ресми хабарламада.

Атап кетерлік жайт, күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. 2017 және 2018 жылдары Павлодар облысының тергеушілері қылмыстық істерді сотқа жолдаған.

«Кейіннен сот барлық істерді тараптардың бітімге келуіне байланысты тоқтатқан. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деп атап өтті ПД қызметкерлері. 

Еске салайық, бұған дейін мектеп маңында мұғалімнің қорланғаны жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз