Павлодар облысында көмір бағасы арзандады
Фото: 24kz
Астана, BAQ.KZ. Облыс әкімдігі «Майкөбен-Вест» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС разрездерімен халық үшін негізгі сатушыларға көмірді разрезден бірінші кезекте босату жөнінде келісімге қол жеткізді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Жолдауын орындау аясында облыста алыпсатарлықтың, көмірдің заңсыз айналымының алдын алу және оның құнын төмендету бойынша жұмыс тобы құрылды.
«Аталған жұмыс тобы тұрақты түрде апатты сауданы жою және оның сапасын сақтау мақсатында көмірді сатудың рұқсат етілмеген нүктелерін аралауда. Жұмыс басталғаннан бері арнайы топ көмір сатудың 4 нүктесіне барған. Нәтижесінде 1 стихиялық сауда орны анықталып, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, Южная станциясы, 38 мекенжайында орналасқан көмір сату нүктесінде сатылған «Майкөбе» маркалы көмірдің орнына сапасы және құны төмен «Гамма Сарыкөл» маркалы көмір сататын нүкте жабылды. Бүгінгі күні ресми өткізушілер тарапынан көмір құнының төмендеуі байқалады», — дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Талғат Испулов.
Осылайша, ағымдағы жылдың 29 қарашасынан бастап «Элит KZ» ЖШС» ЖШС-нің теміржол тұйығында «Майкөбе» маркалы көмірдің бір тоннасының құны 8,3%-ға (12000 теңгеден 11000 теңгеге дейін) және «Шұбаркөл» маркалы көмірдің құны 5,8%-ға (17000 теңгеден 16000 теңгеге дейін) төмендеді.
Алдағы уақытта жыл соңына дейін көмірдің құнын біршама төмендету жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ