Павлодар облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылады




Фото: 1gai.ru
Астана, BAQ.KZ. Бүгін сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын көліктер үшін шектеу қойылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
«Қатты аязға байланысты жолға шығудан бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, бүгін өңірде Баянауыл, Аққулы және Май аудандарынан басқа барлық мектептерде екінші ауысымда сабақ өткізілмейді. Қазіргі уақытта сынап бағаны – 30 градусты көрсетіп тұр. Сондықтан қатты аязға байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтар болмайды, — дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Сағынова.
Өткен сенбі күні бірінші және екінші ауысымда сабақтар тоқтатылған болса, бүгін таңертең температура -25 градусты, желдің жылдамдығы секундына 25 метрді құрады және бірінші ауысымда сабақтар өткізілген болатын.
«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, суық арктикалық фронттың әсерінен 2018 жылдың 22 желтоқсанынан бастап сынап бағанасы түнде -28–ге дейін, күндіз -20-ға дейін төмендейді.
24-28 желтоқсан аралығында күндізгі ауа температурасы -30-ға дейін жетеді. Түнде термометр бағанасы -35 градусқа дейін төмендейді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ