Күрд қарулы топтары ДАИШ-тың Сүрия жеріндегі соңғы қамалын өзіне қаратты

0

Әлемдегі ең үлкен террорлық ұйым ДАИШ-тың Сүрия жеріндегі ең соңғы қамалы жойылды. Өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық ұйымның Сүриядағы соңғы тұрағынан Түркия үкіметі жағынан бөлшектеуші террорлық ұйым деп жарияланған YPG / PKK қарулы топтары ығыстырып шығарған. Бұндай мәлімет түпкілікті дереккөз ретінде Дейр әз-Зордағы жергілікті ақпарат көздерінен тараған.

Мәліметтерге қарағанда, Дейр әз-Зорға қарасты Ефрат өзенінің шығысындағы Хеджин ДАИШ-тың елдегі соңғы тұрағы болған. Екі қарулы топ арасындағы қақтығыстан кейін, YPG / PKK Хеджинді өз бақылауына алған. Дегенмен, ДАИШ-тың Шиифеде, Ефраттың жоғары және төменгі ағысындағы Богазда,  Сусе және Албухатыр жерлерінде бытыраңқы күштері бар екені айтылады.

YPG / PKK қарулы топтары Құрама Штат басқарған коалиция күштерінің қолдауына ие. ДАИШ-ке қарсы соғыс кезінде күрдтердің қарулы топтарын қолдау көрсеткен. Қазір бұл ұйым Ефрат өзенінің жағалауында Дейр әз-Зор сынды стратегиялық маңызды қаланы өз бақылауына толықтай алған.

ДАИШ қамалына жасалған кезекті соққыға да Франция мен АҚШ қарулы күштері жағынан қолдау көрсетілген.

Алайда, Түркия тарабы Сүрияда күш алып отырған аталмыш YPG / PKK күрд қарулы топтарынан алаңдайды. Анкара билігі оларды Түркиядағы Күрд Жұмысшылар партиясының сырттағы бөлімшесі деп қарайды. Түркия тарабының берген мәліметіне қарағанда қазір күрд қарулы топтары Сүрияның үштен бір территориясын бақылауына алып отыр.

 “The Qazaq Times