Павлодар облысында 115300 адамның базалық зейнетақысы қайта есептелген

0
24 Желтоқсан 2018, 22:35 113 0

Фото: рavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, зейнетақы мөлшері 2019 жылы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға артатын болады. Бұл туралы рavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Азаматтарға арналған Үкіметтің» биылғы жылы атқарған ауқымды жұмыстарының бірі – зейнетақы жүйесіндегі жаңа өзгерістер. 2018 жылы облыс бойынша 115300 зейнеткердің базалық зейнетақылары қайта есептелді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының орташа мөлшері 88086 теңгені құрайды. Оның ішінде зейнетақының мөлшері 60510 теңге, ал базалық – 27576 теңге», — дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс бойынша филиалы директорының орынбасары Ұлан Әшен.

Ұлан Әшеннің айтуынша, бүгінде Павлодар облысында 300 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылары есепте тұр. Жыл басынан бері тіркелген төлем алушыларға республикалық бюджеттен 116 миллиард теңге және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бес миллиарда теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың қазан айынан зейнет жасына жеткен қазақстандықтар үшін үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Соған сәйкес, зейнетақыны тағайындау қызметтері «бір өтініш» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына бір-ақ рет келу арқылы жүзеге асырылады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ