Павлодар облысында 10 жыл ішінде ауыл тұрғындарының саны азайған
Фото: pavlodarnews.kz
Астана, BAQ.KZ. Осы уақыт ішінде елден қалаға көшкен халық саны екі аудан халқының санымен пара-пар. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарландырад.
Қазіргі кезде облыста ауылда тұратын халық үлесі небары 30%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 42%-дан артық. Бұл туралы Павлодар облысы Қазақстан фермерлер Одағының есеп беру-сайлау конференциясында «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде бөлімінің басшысы Владимир Берковский мәлімдеді.
«Тәжірибе көрсеткендей, урбанизациядан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Алайда, ауыл халқының кемуі ауыл шаруашылығының барлық саласындағы жоғары технологиялардың енгізілуімен қатар жүруі керек. Сондықтан бұл үдерістерді басқаруымыз қажет», — дейді Владимир Берковский.
Владимир Берковскийдің пікірінше, ауыл аймақтан білімді, жас, бастамашыл адамдардың көшіп кетуі ауылдың экономикалық тоқырауына әкеп соқтырады. Халықтың ауылдан қалаларға қоныс аударуының негізгі себебі – заманауи тұрмыстық жағдайдың болмауы.
Тереңкөл ауданында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолданысқа берілуінің арқасында бұл ауданда ауыл тұрғындарының саны азаймаған. Мәселен, бұл ауданда жыл сайын үш мың шаршы метр баспана салынып, жұмыс орындары ашылуда.
«Ауылдықтар өздеріне ыңғайлы жағдай іздейді. Олар үйлерінде орталық су және жылумен қамту жүйесі мен жылы әжетхана болғанын қалайды. Осы орайда біз алға қарай зор қадам басқанымызды атау керек. Десек те, ауылда орталық жылу жүйесі тек Галицкое ауылында ғана бар», — дейді Владимир Берковский.
Осы мәселені шешу үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі ауылды электр энергиясының көмегімен жылытуды ұсынды. Ол үшін облыста энергиялық қуат жеткілікті дейді ол. Осы орайда Владимир Берковский электр энергиясына түнгі тарифтердің өзіндік бағамен сатылу керектігіне баса назар аударды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ