Канадалық чемпион Жүкембаевпен жұдырықтасудан бас тартып, басқа қарсылас тапты

0
120
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын Матье Жермен (16-0, 8 КО) Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда Жермен бұл кеште қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, канадалық бұл жекпе-жекен бас тартты.

«Белбеу мен қай жерде екенін көрсетіңіздер кез келгенмен жұдырықтасам». Жүкембаев алдағы жоспарлары туралы

BoxRec.com мәліметінше, Жермен бұл күні отандасы Стив Клэггетпен (27-5-1, 17 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа есептелген және бұл кездесуге Матьедегі IBF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионының белбеуі тігіледі.

Айта кетейік, Жүкембаев пен Жерменнің ісін канадалық Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясы жүргізеді, оның басшысы Камиль Эстефан бір клубта дайындалатын боксшылардың жұдырықтасуына қарсы болған.

Жүкембаев чемпиондық белбеу үшін Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/