Павлодар – Астана тас жолында жүк көлігі жанып кетті

0

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Павлодар – Астана тас жолында жүк көлігінің кабинасы мен мотор бөлігі толығымен отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

— Екібастұз қаласының Қарасор ауылының жанында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама сағат 20.17-де түсті, — дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде. — Үш шаршы метр аумақта резеңке-техникалық бұйымдар өртенген. № 12 өрт сөндіру бөлімінен шыққан екі адам мен бір техника жалынды сағат 21.31-да сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Бұдан басқа, кеше сағат 8.33-те Шарбақты ауданының Маралды ауылында өрт тіркелді. Железнодоронжая көшесі, 24 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің ауласында ағаш құрылымдар мен сарай, гараж жанып, төбесі опырылып құлаған. Қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды сөндіруге Хмельницкий ауылдық аймағының өртке қарсы құрылымынан алты адам жұмылдырылып, өрт сөндірушілер сыртқа 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Оқиға орнына № 25 өрт сөндіру бөлімінен алты адам мен екі техника шығып, сағат 13.30-да сөндірілді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/