Павлодар әкіміне сөгіс жарияланды
Қысқа сілтеме алу
Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы да сөгіс алды. Атқарылған жұмыстардың сапасына облыс әкімінің көңілі толмады
НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар әкімі Қайрат Нүкеновке жұмыста кемшіліктер жібергені үшін сөгіс жариялады.
Облыстық әкімдіктегі жиында жылыту маусымы мен қар тазалау жұмыстарының аралық қорытындысы жасалды.
«Қар шығару жұмыстарына келетін болсақ, осы жылы оның мөлшері де, қар қабатының қалыңдығы да өткен жылға қарағанда мол болып отыр, – деді Сұңғат Есімханов. – Қар мүлдем шығарылмаған аймақтар да бар. Алдағы уақытта ауа райының жылынуына байланысты су басуы мүмкін. Сондықтан, қар шығару жұмыстарын жеделдету қажет».
Павлодар облысының әкімі мемлекеттік органдардың қар шығару жұмыстарына көңілі толмайтынын атап өтті.
«Иә, ауа райы бұл жұмыстарға қолайсыздық тудырды, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Алайда шағымдар тым көп, Павлодардың орталығының өзінде проблема бар. Масленица мерекесі өткен жағалаудың өзінде қардан аяқ алып жүру мүмкін болған жоқ. Қазір наурыз айы басталғанына қарамастан, қар тым көп. Бұл қысқы уақытта қарды дұрыстап тазаламаудың салдары».
Аймақ басшысы есептерді тыңдап болған соң қойған сұрақтарына берілген жауаптарға көңілі толмады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Даниал Ахметов өтірік айтқан мектеп директорын жұмыстан қуды
Жиынның қорытындысы бойынша аймақ басшысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Әбілқалықовқа өңірдің нысандарын қамтамасыз етудегі оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тыңғылықты сараптама жүргізбегені үшін, ал Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын төмен деңгейде жүргізгені және тасымалдаушылар мен тұрғындардың арасында үйлестірудің мардымсыздығы үшін сөгіс жариялады.
sputniknews.kz