Павлодар әкімі жұмысқа шапанмен келді (фото)
Қала әкімі ұлттық киімдерді күнделікті киіп жүру арқылы оны сәнге айналдырғысы келген сияқты.
Әкім Ержан Иманслям желідегі парақшасына шапанмен түскен суретін жария етті.
«Құрметті павлодарлықтар! Мен Jebe ұйымдастырып жатқан наурыз мейрамында ұлттық киім кию бастамасын қолдаймын деп шештім», — деп жазды әкім суретінің тұсына.
Әкімнің айтуынша, бұл бастаманы мәдениет саласының қызметкерлері де қолдаған. Қала әкімі ұлттық киімді насихаттау арқылы Наурыз мейрамына өзінің үлесін қосқысы келетінін жеткізген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram