Данияр Елеусінов олимпиада жеңімпаздарының үздік ондығына кірді — Boxing News

0

Британиялық танымал Boxing News басылымы 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарының үздік он жүлдегерінің рейтингін жариялады. Оған қазақстандық Данияр Елеусінов те енген, деп жазады «Қамшы» сайты.

Данияр Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген. Boxing News сайтының үздік ондығында боксшы алтыншы орынға жайғасқан.

«2016 жылы Елеусінов мінбердің жоғары жағында орын алды және кәсіпқой боксқа ауысқан сәттен бастап жақсы формада жүр. Қазақстанның солақай боксшысы орташа салмақ дәрежесінде батыл қадамдар жасап келеді» делінген жазбада.

Үздік ондық тізімі төмендегідей:

1. Кларесса Шилдс (АҚШ)
2. Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан)
3. Джо Джойс (Ұлыбритания)
4. Шакур Стивенсон (АҚШ)
5. Тони Йока (Франция)
6. Данияр Елеусінов (Қазақстан)
7. Филип Хргович (Хорватия)
8. Джошуа Буатси (Ұлыбритания)
9. Шахрам Гиясов (Өзбекстан)
10. Сүлейман Сиссоко (Франция).

Сондай-ақ тізімге Елеусіновтің Рио олимпиадасындағы қарсыластары Өзбекстан өкілі Шахрам Гиясов және Франция өкілі Сүлейман Сиссоко кірген.