Пәтерлерінен шығарылып жатқан бұрынғы ОМОН қызметкерлері Путинге шағынды

0

Мәскеу арнайы полиция жасағының (ОМОН) бұрынғы қызметкерлері қызметтік пәтерлерінен шығарылып жатқандарынан айтып, видео арқылы Ресей президенті Владимир Путинге шағынды.

Өздерін «ОМОН ардагерлері» деп таныстырған бес азамат Путинге «қызыл нүктелерде — Манежная және Болотная алаңдарында «әскери қызметтік тапсырмалар орындағандарын» айтады.

Видеодағы азаматтардың сөзінше, оларға 2010 жылы қызметтік пәтер беріліп, зейнетке шыққан соң «бұл үйлер тұруға арналмаған» деп, босату талап етілген.

«Мемлекеттік қызметте болып, футбол чемпионаты, Олимпиада ойындарын, Конфедерация кубогін өткізгенде қызыл нүктелерде қызметтік әскери тапсырмаларды орындап, басқа де қоғамдық-саяси, спорттық іс-шараларда жүріп, қызметімізді күн сайын көшеде атқарып, ақырында зейнетке шыққанда өзіміз заңсыздық құрбаны болдық. Неге біз және біздің отбасымыз далада қалды?» дейді видеода.

«Медиазона» басылымы бұл азаматтардың кім екенін анықтаған.

ОМОН жасағы 2010 жылы желтоқсанда – Манежная алаңында футбол фанаттарының рұқсат етілмеген акциясын, 2012 жылы мамырда Путинге наразылар ереуілін таратқан. Билік бұл істі жаппай тәртіпсіздік деп атап, «Болотная ісі» бойынша ондаған адамды соттаған. Арнайы полиция жасағының ешбір қызметкері сотқа тартылмаған.

Azattyq