«Ойыма келгенді істедім»: Жігер Ауыпбаев діни тақырыптағы бейнебаяны туралы — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында Жігер Ауыпбаев діни тақырыптағы бейнебаянына орамалды қыздарды түсірген еді. Әнші клипті ислам дінін ұстанатын қыздарды қорғау мақсатында таспалағанын айтады. Алайда Ауыпбаев мұндай туындыны отандық арналар қабылдамай қоя ма деген қорқынышпен неше түрлі қадамға барғанын жасырмайды. 

Жігер Ауыпбаев

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шашын бояп алған, артында басқа ұлттың жігіті жүр, МашАлла деген тақырыпқа құлағына сырға тағып алыпты» деген сөздерді бірнеше адамнан естідім. Жолдан адасып кетемін деп айта алмаймын.

Орамал таққан қыздар дәл қазіргі қоғамға сіңісіп кете алмай жатыр. Бір кездері орамалды шешу деген нәрсе шығып кетті. Мемлекеттік орындарда орамалмен жүруге рұқсат етілмейді деген сыбыстар шықты. Негізі орамалды монахтар да, христиан дінін ұстанатын әйелдер де тағады. Айналып келіп ислам дінін ұстанатын біздің қаракөздерімізге тиісе береді екен. Соған қолдау болсын деп осы бейнебаянды шығарған едім», — дейді «Меломен» тобының экс-әншісі.

Өнер иесі мұндай бейнебаянды отандық арналар қабылдамай қоюы мүмкін деп қорыққан. Сол үшін қандай амалға барғанын жасырмай айтып берді.

«Телеарнаға алмай қоюы мүмкін деп ішіне сондай нәрселер қостым. Шаш боядым, биледім — ойыма келгеннің бәрін істедім», — деп күлді Ауыпбаев. 

stan.kz