Партия қызметі уақыт талабына сай болуы тиіс

0

Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау мақ­сатында ұйымдастырылған форум­ның ашылуында «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынба­сары Мәулен Әшімбаев барша қатысу­шы­лар­ға сәттілік тілеп, форумның маңызына тоқталды. «Елбасы бізге партия қызметін жүйе­лі жаңғыртуды тапсырғанын біле­сіздер. Бастауыш партия ұйым­дарының тиімділігін арттыру – сол жұмыстың басты бағыттарының бірі. Сондықтан соңғы айларда осы салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш ұйымдардың төрт бірдей аймақтық форумы өтті. Соның қорытындысы ретінде бүгін республикалық форумда бас қосып отырмыз. Осындай игі бастамалар бас­тауыш партия ұйымдарының жұмысын заман талаптарына сай жетілдіріп, олардың тиімділігін арттыра түсетіні сөзсіз», – деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ ол форум барысында айтылған өзекті пікірлерді әрбір нұротандық тиімді пайдалану керектігіне назар аударды. «Бүгінгі іс-шараны тәжірибе ал­ма­сатын, толғандырып жүрген сауал­дарға жауап алатын пікір алмасу алаңы ретінде қарастырған абзал. Сондықтан баршаңызды ашық және еркін диалогқа шақырамыз», – деді М.Әшімбаев.

Жиында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев елімізде ауылды жан­дандыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленгенін жеткіз­ді. Сол үшін «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында бекітілген алты бағытқа жетіншісі қосылып, «Ауылым – алтын бесігім» атты арнайы бағыт енгізілмек. Сондай-ақ ми­нистр алдағы «Жастар жылына» ар­нал­ған арнайы Жол картасы да дайын­далғанын атап өтті.

Ал Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «7-20-25» тұрғын үй бағ­дарламасы бойынша атқарылып жат­қан жұмыстарға кеңінен тоқталып, форумға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Өз кезегінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов Елбасы Жолдауында айтылған «Педа­гог мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдердің жүктемесі азаяты­нын айтты. Сондай-ақ ол бес әлеу­мет­тік бастаманың үшінші бағы­ты – қол­жетімді және сапалы жоға­ры білім мен студенттердің жатақ­хана­дағы жағдайын жақсарту бойынша қолға алынған нақты істерге назар аударды.

Жалпы, бастауыш партия ұйым­дары – жергілікті жерлерде партия сая­саты мен оның стратегиялық міндет­терін жүзеге асырып, халықпен және әрбір нұротандықпен етене жұмыс істейтін партиялық құрылым. Бүгінде партияның 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар. Соның ішінде 1000-нан астам мүшесі бар 104 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Партия қызметін жаңғырту аясында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде бастауыш ұйымдардың партия филиалдарымен және Орталық аппаратпен байланысы жүйелі жолға қойылмағаны, бастауыш ұйымдар дең­гейінде жүзеге асырылатын нақты жоба­лардың болмауы, оларды қаржылай қол­даудың ретсіздігі және материалдық-техникалық жаб­дықталуының көңіл көншітпейтіні сия­қты бірқатар өзекті мәселелер анық­­талған. Осы түйткілдерді тиімді шешу жолдары Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру тұжырымдамасында айқын көрсетілген.

Форум делегаттары аталған тұ­жы­­рым­­дамада қамтылған мәсе­ле­ле­рді панельді сессияларда кеңі­нен талқы­лады. Мәселен, «Партияішілік менедж­мент» сессиясында қатысу­шы­лар партия жұмысындағы заманауи технологиялар, соның ішінде ішкі бизнес үдерістерін автоматтандыру, Е-Аналитика жүйесін енгізу, жобалық тәсіл және бастауыш ұйымдардың өз жобаларын жүзеге асыру сияқты партия қызметін жандандыратын ұтымды тұстарды қарастырды. Осы мәселе жө­нін­де шетелдік сарапшы, Түркияның Әділет және даму пар­тия­сының Шығыс Анадолы өңірін­дегі үйлестірушісі Махмұт Сами Маллы кеңінен сөз қозғап, шетелдік тәжі­рибеге тоқталды. Келесі сессияда қатысушылар партияның кадрлық резервін қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударды. Бұл сессияда Ресейдің «Единая Россия» партиясының департамент басшысы Н.Финько кадрлық резерв қалыптастырудың халықаралық тәжірибесіне назар аударды.

«Тиімді коммуникация» деп аталған үшінші сессияда делегаттар партия жақтастарын ортақ мақсаттарға жұ­мыл­дыру, қоғамдық пікірлерге бай­ланыс­ты әрекет ету, қоғамдық күн тәр­ті­бін қалыптастыру сияқ­ты партия жұмысындағы база­лық міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі заманауи комму­ни­­кацияның рөлі жайында пікір алмас­ты. Сондай-ақ қатысушылар украи­на­лық саясаттанушы Все­во­лод Зелениннің пікірлерін тың­дап, өз сауалдарына жауап алды.

Панельді сессия кезінде бастауыш ұйымдардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері де жан-жақты талқыла­нып, қаты­су­шылар өзара байланыс, қар­жы­ландыру, жергілік­ті жердегі мәсе­лелерді дер кезін­де анықтау сияқты бірқа­тар басымдықтар бойынша өз пікірлерін білдірді. Ал бұл жиын­да шетелдік тәжірибе жөнінде Ұлы­бри­танияның саяси консалтинг бағытында қызмет көрсететін CSM компаниясының атқарушы директоры, Халықара­лық саяси консультант қауым­дастығы директорлар кеңесінің мүшесі Р.Мерфи айтып берді.

Республикалық форум бүгін өз жұмысын жалғастырады.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»