Микробиология туралы түсінік | Скачать Реферат

0

Жоспар
1. Кіріспе
1.1 Микробиология туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
2.1 Микробилогия дамуының 5 кезеңі
2.2 Эвристикалық кезең
2.3 Морфологиялық кезең
2.3.1 Афанасий Кир-хер
2.3.2 Антон Левенгук
2.3.3 М. М. Тереховский
2.4 Физиологиялық кезең
2.4.1 Луи Пастер
2.4.2 Роберт Кох
2.5 Имунологиялық кезең
2.5.1 Л. С. Ценковский
2.5.2 И.И.Мечников
2.5.3 Н.Ф. Гамалея
2.6 Молкулярлы-генетикалық кезең
2.7 Еңбегі сіңген өзгеде ғалымдар
2.7.1 Д. К. Заболотный мен Т. А. Тарасевич
2.7.2 Д. И. Ивановский
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері.
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.
Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры қүпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.

Микробиология даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады.
1)Эвристикалық (3-4 ғасыр қазіргі б.з.д — 16 ғасыр б.з) — көрінетін әлеммен қатар көрінбейтін де тіршілік етеді. Көзге көрінбейтін жануарлар адамға мұрын, ауыз арқылы түсіп түрлі аурулар қоздырады.
2)Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті.
3)Физиологиялық кезең — Пастер және Кох кезеңі
4)Имунологиялық — Л. Пастердің вакцинация жұмыстары
5)Молекулярлы — генетикалық кезең микробиология және имунология жылдам түрде дамыды. Антибиотиктердің пайда болуы
1)Эвристикалық кезең (лат . Evrica — табу, ашу). Қазірге дейінгі мыңжылдықтың ІІІ — VI ғ.ғ — қазіргі заман ХVI ғ. — эпидемия пайда болғанын аспандағы құдайдан көрген. Бірақ сол кездегі көптеген ғалымдар айтуы бойынша эпидемия кезінде ауада ерекше ауру тамшылар — миазмалар, әр инфекцияның өз тұқымы (кішентай денешектер) бар. 14 ғасырда оба пандемиясы, 1374 жылы Венецияда бірінші рет карантин шаралары қолданылды, қала 40 күнге ешкімді кіргізбей, Ешкімді шығармады.
Бір ғасыр өткен соң осының бәрі ауру себебі, жұқтұрылуы Джироламо Фракастро гипотезасы негізіне жатты. Осы гипотеза бойынша әр ауру кішкентай денешіктермен байланысты, науқас адамдарды (изоляция) емдеу қажет, көп өабатты марлядан жасалған мұрындық (маска) кию керек, карантин жасау. Бірақ осы гипотезаны дәлелдеу үшін микробтар әлемін ашу қажет болды.
2)Морфологиялық кезең
Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті. Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голандияда жасалып шығарылды. Бұл аспапты одан әрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды — өте қарапайым микроскопта ол шіріген етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекше құртты көрді. Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Антон ван Левенгук. Ол заттарды 300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық микроскоп жасады. XIII ғасырда микроорганизмдерді көріп, сипаттау жағы көбірек орын алды. Сондықтан бұл кезеңді микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп аталады.
Афанасий Кирхер
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 — 1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бүл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінін байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды көрді. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше құртты көрдім деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты көруі мүмкін емес еді
Антон Левенгук.
Солай бола тұрса да бұл аурудың қанда жүрген микробтар арқылы таралатыны жөніндегі оның пікірі өз кезіндегі прогрессивтік батыл көзқарас болып есептеледі.
Тек XVII ғасырдың аяғында ұлғайтып көрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктың (1632 — 1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен кеп айналысқан ол, заттарды 160 — 300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы қарапайым микроскоптың көмегі Мен Левенгук жай көзге көрінбейтін микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы зен, саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардын. пішінін, шамасын және қоз-ғалысын сипаттап жазды. Тістін. сыртына тұрып қалған өңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа өте зор әсер еткен. Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген өте ұсақ жәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне тан, қалып, олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан көп болса керек деген пікірге келеді. Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды керген. Левенгуктын, ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сәйтіп микробтар жөніндегі ғылым — микробиологияның дамуына жол ашты.
Өз зерттеулерін Левенгук Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды. Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын, табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Әйткенмен Левенгук зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. XVIII ғасырдағы Шведтің көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней езінің Табиғат системасын жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді белгілі бір тәртһшен орналастырғаны мәлім. Бұл системаға құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней хаос яғни ешқандай берекесі жоқ жәндіктер тобына жатқызған. Бұдан ол жай көзге керінбейтін осы организмдерді зерттеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар дүние деп танытпақшы болды.
Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.
М. М. Тереховский
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740 — 1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.
Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді.
XVIII ғасырда микроорганизмдердін. ашылуы ғалымдар арасында тартыстар тудырды. Ғылымда бұл кезде тіршілік өздігінен пайдаоладшдеген жалған үғым үстем еді. Микроорганизмдердің бірқатар ортада өніп-өсетіндігін байқаған бүл ғалымдар олардың дамуында ешқандай заңдылық жоқ және кез келген жерде өздігінен пайда бола береді деген болжаулар айтты. М. М. Тереховский өзінің италиялық досы Спаланцанимен бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Түрып қалған тұнықсуларда немесе басқа да сұйықтарда кездесетін организмдер — негізінде тірі жәндіктер, ал бұл сұйықтарды 45 минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа енбейтіндей етіп жапса, онда осы сұйықтарда тірі жәндіктердің, демек микроорганизмдердің, пайда болуы байқалмайды деп көрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәндіктердің өніп-өсуі, ауаның сүйыққа енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақта ол кезде Тереховский еңбегі оқымыстылар қауымына жете таныс болмағандықтан микробиологияда эксперименталды әдіс қолданылмай, бұрынғысынша, морфологиялық бағыт басым болып қала берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиологияның дамуы баяулады десек қателескен болар едік. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың көрнекті дәрігері Д. С амойлович (1744 — 1805), осы ауруды қоздырушы — көзге көрінбейтін организм деген пікір айтты. Оның бүл пікірін кейінгі зерттеушілер толық дәлелдеді. Бұл кезеңде теориялық және практикалық маңызы әлі анықталмаған жеке деректер микробиологиядабасым болды, брақ микробиология жеке ғылым болып, атаққа ие бола қоятындайідәрежеге жетпеген еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіптік капитализмнін, өрлеу барысында, ғылым мен техниканың қарқындап дамуына байланысты микробиология ғылымы едәуір табыстарға жетті. Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822 — 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
3) Физиологиялық кезең немесе Пастер және Кох дәуірі
Микробиология тарихында Л. Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мәні аса зор. Х1Х ғасырдың екінші жартысында Европада өнеркәсіптік капитализм дамыды. Осыған байланысты микробиологияда бірқатар жетістіктер пайда болады. Осы жетістіктерге Л. Пастердің тікелей қатысы бар. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек құртының індетін ашты.
1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Ал 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді. Әсіресе Л.Пастердің 1860 жылы тіршіліктің өздігінен пайда болуы деген ұғымға үзілді кесілді соққы беруі маңызды болды.
«Тіршіліктің өздігінен пайда болуы» философтар арасында өте ертеден талас туғызған мәселе еді. Бұл мәселені дұрыс, дәйекті, ғылыми негізде шешу үшін, Франция академиясы арнаулы сыйлық та белгілеген болатын. Л. Пастер ашу мен шіру процесіндегі микробтар ролін дәлелдеген кезде, ғалымдар арасында ол микробтар қайдан пайда болады деген сұрақ туды. Кейбіреулер мүмкін ашитын сұйықта ол микробтар өздігінен пайда болатын шығар деген пікір айтты.Л. Пастерге дейін бірқатар ауруларды микроорганизмдер қоздырады деген пікір болған. Бірақ мұны дәлелдеу керек еді. Пастер осы салада да бірқатар еңбектенді. Сібір жарасы (топалаң) микробын тауып, бөліп алып, зерттеген Л. Пастер, ал одан кейін Роберт Кох (1843-1910) болды. Олар бөлініп алынған микробты зерттеп қана қойған жоқ, оны сау малға жұқтырып, дәл сол ауру екенін анықтады. Р. Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу үшін, арнаулы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды және ол іс жүзінде қазір микробиологиялық практикада қолданылады. Р. Кох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздыратын микробтарды тапты, ең алдымен туберкулез қоздырғышын — Кох таяқшасы, және азия тырысқағы — Кох вибрионы. Арнайы қоздырғыштарды зерттеп Р. Кох келесі критерийлер, яғни постулаттар ашты (Кох триадасы): 1. Микроорганизмдер нақты ауруларда кездеседі және аурудың патологиялық және клиника көріністерін сипаттайтын жағдайда. 2. Басқа ауруларда микроорганизмдер кейдесоқ патогенді паразит ретінде кездеспейді. 3. Науқастың материалынан алынған микрорганизмдер, олардың таза дақылын бөліп алған соң жануарларға еңгізгенде, оларда да адамда дамыған ауру қозады.
Неміс Кох мектебінің оқушылары — Гаффки, Леффлер, Беринг, Катазато, Клебс, Эберт және т.б. дарын ғалымдар.
Р. Кох ұсынған тәсілдер бойынша 20 жылдан астам көптеген инфекциялық аурулар қоздырғыштары ашылды (сібір түйнемесі, оба, дифтерия, дизентерия, тырысқақ, туберкулез және т.б.).
Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім зерттемеген темекі теңбілі мен рябуха деген ауруларды зерттеп, олардың қоздырғыштарын тапты. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырғыштардың өзі осы аурулардан бөлек болатының анықтады, кәдімгі бактериялар өтпейтін сүзгіден өтіп кететін, мөлшері жағынан өте кішкене вирустар деп аталатын микроорганизмдердің ерекше тобын тапты. Ивановскийдің осы еңбегінің арқасында вирусология ғылымының негізі жасалады.
Луи Пастер.
Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады.
Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю. Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсіреді. Бұдан әрі ашудың химиялық тео-риясын — бүл процесте оттегінің міндетті түрде қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты. Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін тапты. Ол бүл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бүл жүмысының тағамдық заттарды сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы болды. Көптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даяр-лау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды.
Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалан. және қүтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердіқ осы жүмысының зор маңызы болды. Өзінің даңқты жүмыстарымен Пастер микробиологияны практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды. Пастер жүмыста-рының соншалықты маңызды екендігін академик Заболотный былай сипаттаған еді: Пастер едбегінен шаруалар топырақ құнарлылығын арттыратын микробтық процестердің құпия сырын түсіне алады; жүмысшылар — … жалғасы