Парижде жойқын жарылыстан 4 адам көз жұмды

0

10 адам ауыр хәлде жатыр, олардың арасында бір өрт сөндіруші бар

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Париж орталығындағы наубайханада жарылыс болып, салдарынан төрт адам көз жұмды.

Бұл туралы Францияның ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Жойқын жарылыс төрт адамның өмірін қиды: екі өрт сөндіруші және екі тұрғын», — деп мәлімдеді ведомствоның басшысы Кристоф Кастанер.

Оның айтуынша, зардап шеккен он адам ауыр хәлде жатыр, олардың арасында бір өрт сөндіруші бар, деп жазады life.ru.

Еске сала кетек, бүгін таңертең Париж орталығындағы наубайханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа газ себеп болған. Төтенше жағдайдан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/