Пандемия туралы жасырын ақпарат жарияланды: Қытай Ухан институтының ғылыми базасын жойған

0

Былтыр көктемде Қытайдың Ухан институтының ғылыми базасының көзі жойылған. Ол пандемия енді басталған кезде қытайлық ғалымдар немен айналысқанын білуге мүмкіндік берер еді. Бұл туралы NBC News телеарнасының сюжетінде айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, жалпы мәліметтер базасында 20 мыңдай ақпарат болған. Ухан зертханасының жоғары шенді қызметкерлерінің бірі бұл «қауіпсіздік мақсатында» жасалғанын айтады.

Бұған және COVID-19 туралы шындықты жазбақ болған журналистер мен ақпарат таратушыларды қытайлық билік қамауға алмақ болғанына қарамастан, Ухандағы ДДҰ сарапшыларының сөзінше, тергеудегі ешқандай нұсқа жоққа шығарылмайды.

ДДҰ сарапшылар тобының мүшесі Питер Дасцак қытайлықтар бұған дейін белгісіз болған ақпаратты беріп жатқанын айтады.

«Бұл ғылыми сапардың расында саяси астары бар секілді және кінәліні табу мақсатында жасалған сияқты. Бірақ бұл жердегі басты мақсат ғылым және қолда бар мәлімет алдамайды», — дейді сарапшы.

Одан бөлек, қытайлық вирусологтар вирус Қытайдан тарап бастамағанын айтады. Оның ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар.

Маман NBC News тілшісінің «Вирус Уханнан тарады деп ойлайсыз ба?» деген сұрағына «Жоқ» деп жауап берген.

Ал ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның сөзінше, вирустың қайдан пайда болғаны туралы айту әлі ерте.