Ақтөбеде көпбалалы полицей зейнеткерді қамқорлығына алды

0

Ақтөбеде көп балалы учаскелік инспектор 80 жастағы зейнеткерді қамқорлығына алды. Қарт әйелдің өзі тәрбиелеген немерелері бар, бірақ қазір өзі ешкімге керек болмай қолған. Полиция қызметкері де әжейді отбасында қалдыра алмайды. Себебі төрт баласымен тар бір бөлмелі пәтерде тұрады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Көп балалы Дастан Сұлтанғалиевтің отбасында күтпеген жерден тағы бір адам пайда болды — Люда әже.

Екі ай бұрын бір әйел немересімен жанжалдасып, ақыры көшеде қалған. Әбден жылаған және тоңған зейнеткерді қасынан өтіп бара жатқан патруль өзімен алып кеткен.

«Олар мені көшеге шығарып жіберді. Мен үйден шығып, кетіп қалдым. Жүріп келе жатып ойландым: «Құдай-ау, мен қайда барам». «102» патрульдік көлігі келе жатты, ол мені пунктке дейін апарды. Қатты тоңып қалдым. Көшеде 20 градус аяз болды. Шынымды айтсам, мен іш көйлекпен жүрдім, тек шалбарымды лақтырып берді», — деді Людмила Шевченко.

Людмила Эммануиловнаның айтуынша, бір кездері оның жеке пәтері болған. Бірақ оны немересіне сыйлыққа берген. Ал немересі өз бизнесін бастау үшін тұрғын үйді сатқанын айтады. Іс алға баспай, отбасы пәтер жалдап тұруға мәжбүр болады. Ақыр соңында егде жастағы әйел баспанасыз қалады.

Қарияның басқа барар жері жоқ екенін білген учаскелік полиция қызметкері Сұлтанғалиев оны қамқорлығына алады.

«Бұл кісіні қуа алмаймыз. Ол бізге де, балаларға да үйреніп қалған. Кейде мен түнде қайтып келемін, ол мені көз жасыммен қарсы алып, үйде қалдыруды сұрайды. Бізден кеткісі келмейді», — деді учаскелік полицей Дастан Сұлтанғалиев.

Полиция қызметкері зейнеткерді отбасында қалдыруға қарсы емес, бірақ тар баспана оған мүмкіндік бермей отыр. Оның үстіне Дастанның төрт баласы бар. Ал Люда әже қарттар үйіне барудан үзілді-кесілді бас тартады. Тығырықтан шығатын жалғыз жол — тұрғын үйді жалға алу және әлеуметтік қызметкерді рәсімдеу. Бірақ әзірге бұл мүмкін емес.

«Неке және отбасы туралы» Заңға сәйкес оның немересі бар. Ол «Опытной» станциясында тұрады.Егер ол бас тартса, онда, әрине, біз одан әрі өзімізге аламыз. Ол тұрғын үйді жалға алып, сонда тұра алады. Әрине, біз оған қамқор болар едік», — деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Тұрмағамбетова.

Бірақ зейнеткер немересін ұзақ жылдар бойы көрмегенін айтады. Ол енді туыстарының ешқайсысымен кездескісі келмейді. Кейуана жалғыз тұруға келіседі, зейнетақысы пәтер жалдауға жетеді. Қазір зейнеткер полицейдің отбасына жақын жерден баспана іздеп жатыр.

Ол ұзақ жылдар ішінде алғаш рет өзін шынымен қажет ететінін және жақсы көретінін сезінгенін айтады. Зейнеткердің балаларға деген махаббаты соншалық, оларды туған немересіндей көреді. Қартайғанына және жүрек ауруына қарамастан, ол кез-келген уақытта балалармен сөйлесуге дайын. Тек олар оны тастап кетпесе болды.