Пәкістанда екі мешітте жарылыс болған: 50-ден астам адам қаза тапты

0

Пәкістанның әртүрлі провинцияларындағы мешіттердегі екі үлкен жарылыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жарылыс Белуджистан провинциясында болды, онда жүзден астам адам жарақат алып, 50-ден астам адам қаза тапты. Ал Пешавар маңындағы мешіт құлап, үйіндінің астында 40-қа жуық адам қалған.

Жанкешті өзін-өзі мешіттің жанында тұрған полиция көлігінің қасында жарып жіберген.

Сол күні Мұхаммед пайғамбардың туған күнін тойлауға жұртшылық жиналған еді. Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Жарылыстың артында кімдер тұрғаны анықталмағанымен, бұған дейін Белуджистанға Пәкістанның «Талибан» және «Ислам мемлекеті» содырлары жиі шабуыл жасағаны үшін солардан күдіктенуде.

Белуджистан – Пәкістанның Ауғанстан мен Иранмен шектесетін ең үлкен провинциясы.

Пешавар маңындағы екінші жарылыс туралы мәлімет аз.

Құтқарушылар құлаған мешіттің үйінділерін бөлшектеп жатыр.