Ұшақ апатынан қаза тапқан Вагнер басшысы Пригожиннің мұрасы кімге қалатыны белгілі болды

0

Желіде мерт болған «Вагнер» жеке әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннің өсиеті жарияланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі News.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкер өзінің барлық мүлкін 25 жастағы ұлы Павелге мұра етіп қалдыратынын айтқан.

«Маған тиесілі барлық мүлкімді қандай болса да және қай жерде болса да, Пригожин Павел Евгеньевичке өсиет етемін», –  делінген құжатта.

Өсиет шарттарына сәйкес, Павел Пригожин әкесінің мүлкі арқылы Евгенийдің әйелін, оның қыздары мен анасы Виолетта Пригожинді мұра арқылы қамтамасыз етуі керек. Евгений Пригожиннің анасына зейнеткер ретінде мұраның 10 пайызы берілуі тиіс.

Вагнердің бұрынғы басшысының ұлы әкесінің алдындағы барлық қарыздарын өндіріп алуға ниетті. Мысалы Ресей қорғаныс министрлігі кемінде 75-80 миллиард рубль қарыз.

23 тамызда Евгений Пригожин ұшақ апатынан көз жұмды.