Өзінен 32 жас үлкен: 72 жастағы қарияға тұрмысқа шыққан 40 жастағы әйел бақытты екенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Англияда 72 жастағы ер адам мен 40 жастағы әйел жас айырмашылығына қарамастан шаңырақ  көтерген. Дэвид  пен Чарити Уилсон танысқаннан 3 апта өткеннен кейін үйленуді ұйғарыпты. Бүгінде жас айырмашылығы 32 жас болатын отбасы бақытты өмір сүріп жатыр.

Өзінен 32 жас үлкен: 72 жастағы қарияға тұрмысқа шыққан 40 жастағы әйел бақытты екенін айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bigpicture басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дэвид  пен Чарити Уилсон 2014 жылы танысқан екен. Ер адам болашақ жұбайына бір көргеннен ғашық болғанын айтады. Сондықтан ол Чаритиге бірден сезімін білдіріп, ұсыныс жасапты. Алайда бастапқыда әйел оның ұсынысын әзіл ретінде қабылдапты. 

Өзінен 32 жас үлкен: 72 жастағы қарияға тұрмысқа шыққан 40 жастағы әйел бақытты екенін айтты

Осыған қарамастан арада 3 апта өткеннен кейін Чарити де Дэвидті ұнатып қалғанын түсінеді. Дэвид оған тағы да ұсыныс жасағанда әйел қуана келіскен екен. 

Арада 8 ай өткеннен кейін ғашықтар үйлену тойын өткізді. Олар содан бері бірге тұрып жатыр. Чаритидің бұрынғы некесінен 12 жастағы Шарц және 9 жастағы Кики есімді балалары бар. Қыздар Дэвидті «әке» деп атайды. 

Өзінен 32 жас үлкен: 72 жастағы қарияға тұрмысқа шыққан 40 жастағы әйел бақытты екенін айтты

Ерлі-зайыпты өзгелердің пікіріне қарамастан ешқашан жас айырмашылығы үшін қымсынбағандарын айтады. Олар көптеген қиындықты өткергеннен кейін, керісінше, өздерін күшті сезінеді екен.  

 

Чаритидің сөзінше, Дэвид екеуінің ортақ дүниелері көп. Екеуі де Құдайға сенетіндіктен, көп жерде пікірлері сәйкес келіп жатады екен. Әйел өзінің күйеуін «нағыз азамат» деп атайды. 

«Мен үшін жас айырмашылығының ешқандай рөлі жоқ. Сондықтан бұл үшін уайымдамаймын. Ерлі-зайыптының бәрі ұрысады. Отбасылық өмір – саябақта серуендеу емес. Сондықтан отбасын сақтау үшін тырысып, мәмілеге келіп, бір-біріңмен тіл табысуды үйрену керек», — дейді Чарити.

 

Әйелдің сөзінше, бастапқыда Дэвидтің кәрі екенін айтып, райынан қайтаруға тырысқандар болыпты. Алайда күйеуімнің қанша өмір сүретінін білмеймін, деген Чарити сүйкітісімен бақытты екенін айтады.

«Біз адамдарды өзгеріссіз қабылдай білуіміз керек. Қарым-қатынаста ең маңыздысы – сенім мен махаббат», — дейді әйел.
 

stan.kz