Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды
ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқарамасы, Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен бес адамды ұстады, деп хабарлайды Kznews.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар кәсіпкерді жоғарғы лауазымдық мемлекеттік қызметке тағайындау үшін 1,5 миллион доллар ақша сұраған», — деді ҰҚК.
Ұсталғандар жалға алынған «премиум класс» көліктерін пайдаланып, елорданың элиталық мекемелерінде жалдамалы күзетшілердің сүйемелдеуімен кездесулер өткізген.
4 наурызда Нұр-Сұлтанда топтың үш мүшесі 30 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың бір бөлігін және тағы екеуі Ақтөбе мен Балқаш қалаларына аударып жатқан жерінде ұсталды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
(Фото http://Stan.kz сайтынан алынды)