Өзбекстанда келінін айуандықпен өлтірген зейнеткер 13 жылға сотталды
Келінінің басын кесіп алған 64 жастағы қария 13 жыл 2 айға сотталды, деп жазады KZNEWS сайты.
Ферғана облысының аудандық соты үкім шығарды.
Ол «Ауырлататын мән-жайлармен қасақана кісі өлтіру» және «Қабірді қорлау» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалында көрсетілгендей, өткен жылдың қазан айында ер адам жанжалдасып, келінін соққыға жыққан. Жас келіншек есінен танып қалған, содан кейін қайын атасы оны көлікке отырғызып, тау етегіне алып кеткен.
Сол жерде ол келінінің басын асхана пышағымен кесіп, мәйітті қоқыс төгетін жерге лақтырып жіберген. Сотталушы мәйіттің кесілген бөлігін сөмкеге салып, жол жиегіне іліп қойған.